04
ноябрь
2026
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Мектебімізде оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында мектеп инспекторы Аида Сеиткановна оқушыларға нашақорлықтың зияны, есірткі заттарын таратуға тарту әрекеттері («закладчик»), жеке және қоғамдық қауіпсіздік, жолда жүру ережелері туралы маңызды ақпараттар берді.
Сонымен қатар мектепішілік ұсақ құқықбұзушылықтардың, атап айтқанда, мектеп тәртібін бұзу, өзге оқушыларға құрметсіздік таныту, қоғамдық мүлікке зиян келтіру сияқты әрекеттердің салдары мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Түнгі уақытта ойын-сауық және компьютерлік клубтарда ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған оқушыларға қатысты заң талаптары мен жауапкершілік шаралары да кеңінен айтылды.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу. Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал оны сақтау – әр азаматтың міндеті!