01
октябрь
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге Үлбі КПБ полиция бөлімінің полиция майоры Дюсубеков Ернар Болатканович қатысып, оқушыларға маңызды құқықтық мәселелер бойынша мазмұнды дәріс өткізді.
Дәріс барысында:
🔹 интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік;
🔹 буллинг және кибербуллингтің алдын алу;
🔹 қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті;
🔹 мектептің ішкі тәртіп ережелері;
🔹 кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік, қауіпсіздік және заң талаптарын сақтау жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, өзгенің құқығын құрметтеу!