24
февраль
2026
Үлбі полиция бөлімінің қызметкерімен кездесу өтті
Үлбі полиция бөлімінің қызметкері Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен танымдық-профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, көшедегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік мәдениеті, интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері мен одан қорғану тәсілдері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілік тақырыптары қозғалды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқық бұзушылықтың алдын алып, саналы да жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.