30
октябрь
2026
«Көшбасшы жолы: бастама, команда, нәтиже» атты қалалық 3 күндік көшбасшылар мектебі
Мектеп парламентінің 3 мүшесі – Үмітбек Ердана, Жақынғалиева Айзере және Ержанқызы Ханшайым «Көшбасшы жолы: бастама, команда, нәтиже» атты қалалық 3 күндік көшбасшылар мектебіне қатысты.
Үш күнге созылған тағылымды шара барысында оқушылар көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі тапсырмаларды орындап, дебат алаңында өз ойларын ортаға салды. Командалық жұмыстарға қатысып, шығармашылық тапсырмалар арқылы өздерінің белсенділіктері мен тың идеяларын көрсетті. Сонымен қатар топпен жұмыс істеу, ортақ шешім қабылдау, өз пікірін еркін жеткізу және жауапкершілік алу дағдыларын жетілдірді.
Үшінші күні көшбасшылар мектебінің жұмысы қорытындыланып, қатысушыларға «Оқушылар шығармашылығы сарайы» КМҚК әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Александр Александрович арнайы сертификаттар табыстады.
Үш күндік бағдарлама оқушыларға жаңа тәжірибе жинақтап, өзге мектептердің белсенді жастарымен танысып, пікір алмасуға мүмкіндік берді.