09
июнь
2026
11-сынып түлектері қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыруда
Бүгін мектеп қабырғасынан қанат қаққалы тұрған 11-сынып түлектері үшін жауапты әрі тағдырлы күндердің бірі басталды. Қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, жас түлектердің жүрегіне елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін ұялатты.
Бұл емтихан – тек білімді бағалау ғана емес, он бір жылдық еңбектің, ізденіс пен табандылықтың жемісін көрсететін маңызды белес. Әрбір талапкердің жүрегінде үміт, көзінде арман, болашаққа деген сенім бар.
Барша түлектерге сәттілік тілейміз! Қаламдарыңыз ұштала берсін, білімдеріңіз биіктен көрінсін. Алда алар асуларыңыз көп болып, армандарыңыз ақиқатқа айналсын!
Ақ жол, жас түлектер! Болашақтың жарқын есігі сіздер үшін айқара ашылғай!


