ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де 9–11 сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық кездесу өтті. Кездесуге Үлбі КПБ полиция бөлімінің полиция майоры Дюсубеков Ернар Болатканович қатысып, оқушыларға маңызды құқықтық мәселелер бойынша мазмұнды дәріс өткізді. Дәріс барысында: 🔹 интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік; 🔹 буллинг және кибербуллингтің алдын алу; 🔹 қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау