13
октябрь
2026
БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ — КӘСІБИ БАҒДАР!
Мектебімізде Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің өкілдерімен 10–11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.
Кездесуге келген офицерлер — аға лейтенант Д. Айдосұлы мен лейтенант С. Сатпаев оқушыларға Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясына оқуға түсу мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында академияға қабылдану талаптары, оқуға түсу тәртібі, медициналық тексеріс пен ҰБТ нәтижесіне қойылатын талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар оқу мерзімі, курсанттарға ұсынылатын жеңілдіктер мен әлеуметтік мүмкіндіктер, оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде мәліметтер берілді.
Отан шекарасын қорғау — зор жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы қызмет!