11-сынып Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтиханды бастады
Бүгін 11-сынып түлектері үшін маңызды кезеңдердің бірі – Қазақстан тарихы пәнінен мемлекеттік емтихан басталды.
Емтиханның ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, жас түлектердің бойына елге деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялатты. Бұл сәт әрбір оқушыға туған елдің тарихын құрметтеп, оның жарқын болашағына үлес қосатын азамат екендігін тағы бір мәрте сезіндірді.
Қазақстан тарихы – халқымыздың өткені мен бүгіні, ұлттың рухани мұрасы. Бүгінгі емтихан барысында оқушылар жылдар бойы жинақтаған білімдерін көрсетіп, өздерінің дайындық деңгейін дәлелдеуде.
Құрметті түлектер! Білімдеріңіз бен еңбектеріңіздің нәтижесі жоғары болып, барлық сынақтардан абыроймен өтулеріңізге тілектеспіз. Сенімдеріңіз берік, мақсаттарыңыз айқын болсын!




