29
апрель
2026
9-сынып оқушылары математика пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырды
Бүгін 9-сынып оқушылары математика пәнінен мемлекеттік емтихан тапсырып, білім жолындағы маңызды сынақтардың бірінен өтті.
Сандар мен формулалар әлемінде алған білімдерін сарапқа салған оқушылар өздерінің табандылығы мен жауапкершілігін көрсетті. Әр есеп – ой ұшқырлығының, әр шешім – қажырлы еңбектің нәтижесі.
Мемлекеттік емтихан – тек білімді бағалау ғана емес, болашаққа бастар сенімді қадам. Осы күнге дейін жинақталған білім мен тәжірибе оқушыларға жаңа белестерді бағындыруға жол ашатынына сенім мол.
Барша түлекке сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіздің жемісін көріп, алдағы мақсаттарыңызға нық қадам баса беріңіздер!

