Аттестат – тек білімнің куәсі ғана емес, жарқын болашаққа бастайтын
Бүгін мектебімізде ерекше толқынысқа толы, жүрекке жылы әсер сыйлаған салтанатты сәт өтті. 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттар табысталды. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие, ұстаздардың ақыл-кеңесі мен ата-аналардың қолдауы түлектерді үлкен өмірге қанаттандырып шығарып салуда. Аттестат – тек білімнің куәсі ғана емес, жарқын болашаққа бастайтын маңызды қадам. Құрметті түлектер! Алдағы өмір жолдарыңыз ашық, армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Еліміздің