12
июнь
2026
11-сынып түлектерінің таңдау пәндері бойынша мемлекеттік емтиханы өтуде
Бүгін мектеп түлектері таңдау пәндері бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруда. Бұл – оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімдерін саралап, болашақ мамандықтарына бағытталған дайындық деңгейін көрсететін маңызды кезең.
Емтихан барысында түлектер өздерінің білімдерін, жауапкершілігін және мақсатқа ұмтылысын танытуда. Жылдар бойы жинақталған білім мен еңбектің нәтижесі сыналатын сәтте әрбір оқушыға сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз.
Барша түлектерге сенім, табандылық және толағай табыс тілейміз! Еңбектеріңнің жемісін көріп, алға қойған армандарыңа жетіңдер!




