9-сынып оқушылары орыс тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыруда
Бүгін мектебіміздің 9-сынып оқушылары орыс тілі пәнінен мемлекеттік емтихан тапсыруда. Бұл – жыл бойы жинақталған білім мен еңбектің нәтижесін көрсететін маңызды кезең. Оқушыларымызға сәттілік, сенім мен табандылық тілейміз! Әрқайсысы өз білімін жоғары деңгейде көрсетіп, еңбегінің жемісін көреді деп сенеміз. Емтихан барысында жинақылық пен сабыр сақтап, жақсы нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектеспіз. Жас түлектерімізге сәтті қадамдар мен толағай табыстар тілейміз!