04
ноябрь
2022
«Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі
2022 жылдың 4 қарашасында 2-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты - оқушылардың зерттеушілік және оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қолдау, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу.
Облыстың барлық аймақтарынан келген 400-ден астам жас зерттеушілер – аудандық (қалалық) кезең жеңімпаздары 12 секция бойынша конкурсқа қатысты. Зерттеу қызметіне қызығушылық танытатын жас зерттеушілер филология, тарих, техника және жаратылыстану ғылымдары, сонымен қатар медицина және психология, технология және өнер, туризм және спорт салаларында өздерінің жұмыстарын ұсынды.Облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдарынан құралған қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалады. Конкурс қорытындысы бойынша 201 оқушы (176 жоба) жүлделі орындарды иеленді.
I дәрежелі дипломмен – 41 оқушы (34 жоба), II – 75 оқушы (67 жоба), ІІІ – 85 оқушы (75 жоба) марапатталды.
Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.Солардың қатарында
мектебіміздің 6 сынып оқушысы Каирлина Гүлжан тарих секциясы бойынша II орын иеленді.
Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Чекетаев Р.С. Жетістіктеріңізбен құттықтаймыз!