Жол қауіпсіздігін түсіндіру жұмысы жүргізілді
1 желтоқсанда жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық дәріс жүргізді. 1-сынып оқушыларын жолда жүру қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Жас ерекшелігін ескере отырып көрнекілік ретінде жол белгілерінің суретін, арнайы тақырыпқа сай боямақтар таратып жол тәртібін сақтауға шақырды. Жаяу жүргіншілердің міндеттерін де айтып өтті.