Қазақ мифологиясының құпиялары
Танымдық кездесу: «Қазақ мифологиясының құпиялары» Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушылары үшін ерекше танымдық кездесу өтті. Қонағымыз — музей қызметкері Серікбол Қондыбай оқушыларды қазақ мифтерімен таныстырды. Қазақ халқының бай рухани мұрасы, аңыздар мен мифтік кейіпкерлер, ежелгі сенімдер туралы қызықты деректер айтылып, оқушылардың таным көкжиегі кеңейе түсті. Кездесу оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, тарихи-мәдени дүниетанымын дамытуға бағытталды.