18
ноябрь
2025
Мамандығым – болашаққа апарар баспалдақ
«Мамандығым – болашаққа апарар баспалдақ» ✨
18 қараша күні 9-сыныптан «Мектепке дейінгі тәрбие және білім» мамандығына қызығушылық білдірген оқушылар Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мен «Балапан» балабақшасы бірлесіп ұйымдастырған «Мамандығым – болашаққа апарар баспалдақ» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысып қайтты.
Бағдарлама аясында оқушыларға аталған мамандық бойынша шеберлік сабақ ұсынылды. Балабақша тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарлама көрсетіліп, кейін мекеменің ішкі жұмыстарымен танысу үшін экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар тәрбиеші мамандығының ерекшеліктері, оқу-әдістемелік негіздері, сондай-ақ балабақшаның күнделікті тыныс-тіршілігі жөнінде толық ақпарат алды.
Оқушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, мамандық туралы түсініктерін кеңейтті. Шара соңында белсенділік танытқан оқушыларға сертификаттар табысталды. 🎓✨