Жеңіс күні қарсаңында мектеп оқушылары тыл еңбеккерлерін құттықтады
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майдандағы сарбаздар соңғы демі қалғанша жан аямай күрессе, тылдағы еңбек те толас тауып көрген жоқ. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуына байланысты, олардың орнын елде қалған қариялар, әйелдер мен балалар басты. Осылайша сарбаздарды азық-түлікпен, шикізатпен елде қалған әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз еткені тарихтан белгілі. Жеңіс күні — соғыс кезінде тылда бел жазбай еңбек еткен тыл ардагерлерінің де мерекесі екені