13
январь
2022
Педагогикалық кеңес
№3 Педагогикалық кеңес
Өткен күні: 13.01.2022 жыл
Өту орны: АКТ залы
2022 жылы 13 қаңтарда №3 педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңесте төмендегі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:
І.Өткен педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы
Жауапты:ОІМ: Калимолдина Г.К.
ІІ."Білімді ұлт" сапалы білім беру" Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың ұлттық жобасы негізінде «Құзыреттілікке бағытталған шығармашыл тұлға қалыптастырудағы білім беру негіздері»
Жауапты: оқу ісі меңгерушісі Л.С.Дюсупова, А.К. Нурсадыкова
2.1. «Математикалық құзыреттіліікке бағытталған шығамашыл тұлға қалыптастырудағы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру»
Жауапты: математика пәні мұғалімі – Раханова Т.К.
2.2. «Оқушылардың білім сапасын арттыру - мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші»
Жауапты: Бастауыш сынып мұғалімі- Керимхан Т.
2.3. «Құзыреттілікке бағытталған шығармашыл тұлға қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық көмек»
Жауапты:Мектеп психологі Хизина А.Т.
2.4. 2021-2022 оқу жылындағы үйден оқытудың берілу жағдайы
Жауапты: ОІМ Дюсупова Л.С.
ІІІ. ІІ оқу тоқсанының қорытындысы, білім сапасы
Жауапты:ОІМ: Нурсадыкова А.К.
ІV.Әртүрлі мәселелер
2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады.Ол жолдауында бес бастама ерекше аталып өтеді. Соның бірі: сапалы, нәтижелі білім беру;
Нәтиже дегеніміз - жеке тұлғаның құзыреттілігі. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз - жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру. Құзыреттілік - ол терең білім. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру үшін мұғалімнің өзі құзыреттілікке жету керек.
Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Ш.Таубаева «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы реінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті»
Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау құзыреттілігі түрінде көрінеді.
Педагогтің теориялық дайындығына:
- Аналитикалық құзыреттілік;
- Болжау құзыреттілік;
- Жобалау құзыреттілік;
- Рефлексивті құзыреттілік кіреді.
Мұғалімнің практикалық дайындығы оның сыртқы арқылы, яғни байқауға болатын әрекеттері арқылы анықталады. Практикалық іскерлік ұйымдасырушылық және коммуникативті іскерліктерден құралады. Ұйымдастырушылық іскерліктің құрамы өз кезегінде мобилизациялық, ақпараттық, дамытушылық және бағыттаушы іскерліктерден құралады.
Құзыретті мұғалімнің оқыту процесін ұйымдастырудағы негізгі мақсаттары:

- Білім алу кеңістігін кеңейту және тілін дамыту арқылы шығармашылыққа баулу;
- Оқу процесінің нақты міндеттерін айқындап, ұжымдық қарым – қатынас мәдениетін дамыту;
- Оқушыға қолдау көрсетіп, жағымды психологиялық орта құру және оқушының зерттеу белсенділігін арттыру;
- Информациятық ортаны анықтау, бағыт беру және танымдық конференциялар арқылы ақыл – ойын дамыту.