02
ноябрь
2019
Педагогикалық кеңес
Коммунальное государственное учреждение
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"КММ
Педагогикалық кеңес өткізу тұжырымдамасыӨткізу күні: 2 қараша 2019 жылғы
Өткізу уақыты: сағат 11:00
Тақырыбы: ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына,(24.11.2015ж қосымша),Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу негізінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысының мазмұны және STEM білім беру мәселелері» Жауапты: Калимолдина Г.К.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: Оқушының белгілі бір пән немесе пәндер топтамасы бойынша теориялық білімі болып қана қоймауын, оны ары қарай дамыта түсіп іс-әрекет жүзінде іске асыруға мүмкіндік беру. Қазіргі заманда білу ғана жеткіліксіз, білгенді іске асыру және одан жоғары нәтиже мен өнім алу бұл осы технологияның көксеген басты талабы. Осы технология бойынша оқушылар тек біліп және жасап қана қоймай, ойлануы, санасын дамытуы, еске сақтауы мен шығармашылық деңгейлерінің сапасын арттыруы басты назарда ұсталады. Өйткенін осы құндылықтар арқылы оқушыда тұлғалық іс-әрекеттік жан-жақты құзіреттілік қалыптасуы, дамыту.
Өткізту форматы: оффлайн режимде
Қатысушылар: мектеп әкімшілігі,педагогтер
Күн тәртібі
I . Өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы.
Жауапты: Жаксыбаева М.С.
II. ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына,(24.11.2015ж қосымша),Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу негізінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысының мазмұны және STEM білім беру мәселелері»
Жауапты: Калимолдина Г.К.
II а. 3D модельдеу жұмысы
Жауапты:Информатика пәні мұғалімі Абсеитова Г.Ж.
II b. STEM мүмкіндіктерін физика сабағында пайдалану
Жауапты ЖМЦ бірлестік жетекшісі : Муртазалиева А.А
II с. Мектептегі робототехника курсының үйретері көп.
Жауапты: робототехника курсы мұғалімі: Отанова Толғанай
II d. Химия пәнінің STEM-жүйесі бойынша оқытудың маңызы.
Жауапты:Химия пәні мұғалімі: Нығызбаева Г.Ж
II e. Школьникам мамандық таңдауға байланысты кәсіби бағдар берудегі психологтар жұмысының әсері .
Жауапты: мектеп психологы: Хизина А.Т
II к. Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға кәсіптік бағдар беруде мектеп және мектептен тыс үйірмелерінің рөлі.
Жауапты: Әлеуметтік орынбасар: Бөленбаева М.Т
III. Оқушылардың тұлғалық қабілетін арттыруда креативті ойлауды дамытудың тиімді жолдары және кәсіби бағдарлау
Шеберлік-сынып жауапты:Чекетаева Р.С
IV. Рефлексия
V. Әртүрлі мәселелер.
STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).Бүгінде көптеген елдерде, STEM-білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырылуда. Ал қазіргі, ақпараттық жаһандану заманында жаңа технологиялардың тез дамуы кезінде машина жасау, ІТ технологиясы, ғылым, өнер, және т.б. мамандықтарға сұраныс көбейді. Болашақта елестету қиын болатын мамандықтар пайда болып жатыр. Олар жаңа био, нанотехнологиялар, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салада білімділікті талап етеді.
Педагогикалық кеңесте күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, соған сәйкес шешімдер шығарылды.



