1 мамыр – Бірлік күніне орай
1 мамыр – Бірлік күніне орай Мектебіміздің 7-сынып оқушылары Достық үйіне барып, "Менің атым Қожа" шығармасының желісі бойынша қойылған әсерлі қойылымды тамашалап қайтты. Қойылым барысында оқушылар Қожаның қызықты да тәрбиелік мәні зор оқиғалары арқылы адамгершілік, адалдық, достық секілді маңызды құндылықтарды терең түсіне білді. Осындай мәдени шаралар оқушылардың рухани дүниесін байытып, өнерге деген қызығушылығын арттырады. Бірлік бар жерде – тірлік бар!