Бейіндік мектепке танымдық сапар ұйымдастырылды
9 «Б» сынып оқушыларымен бейіндік мектепке танымдық сапар ұйымдастырылды 📚✨ Оқушылар мектептің білім беру бағыттарымен, мамандықтар ерекшелігімен танысып, бейіндік кабинеттерді аралады. Әрбір кабинет өз бағыты бойынша жабдықталғаны оқушылардың қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға ой салды.