20
май
2026
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!
2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай назарларыңызға маңызды ақпаратты ұсынамыз.
25 мамыр күні барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай республикалық сынып сағаты өтеді.
Қорытынды мемлекеттік емтихандардың өткізілу мерзімі:
• 9-сынып оқушылары үшін: 29 мамыр – 11 маусым аралығы;
• 11-сынып оқушылары үшін: 2 маусым – 15 маусым аралығы.
Мектеп бітіру салтанаты мектеп қабырғасында ұйымдастырылып өткізіледі.
Іс-шара барысында мектептің ішкі тәртіп ережелері мен белгіленген киім үлгісін сақтау қажет:
• мектеп формасын кию міндетті;
Төмендегі әрекеттерге тыйым салынады:
• мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге арнап қаржы жинау;
• аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен студияларды шақыру;
• банкеттер мен дастархан ұйымдастыру;
• автокөлік кортеждерін жасау.
Іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылардың үйге қауіпсіз оралуына ата-аналар жауапты екенін еске саламыз.
Барша түлектерге сәттілік, жоғары нәтижелер және жарқын болашақ тілейміз!