25
май
2026
«Сәт сапар саған, Жас түлек» атты салтанатты мереке
25 мамыр — мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қаққан жас түлектер үшін жүрек толқытар ерекше күн болды. Осы айтулы сәтте мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Сәт сапар саған, Жас түлек» атты салтанатты мереке ұйымдастырылды.
Мереке барысында шәкірттердің балалық шаққа толы жарқын естеліктері еске алынып, ұстаздардың ақ тілегі мен ата-аналардың жүрекжарды лебіздері жас түлектерге ерекше әсер сыйлады. Ән мен жырға, ізгі тілекке толы әсерлі сәттер мерекенің сәнін арттырды.
Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқан жас түлектерге ақ жол тілейміз! Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын! Самғай беріңдер, жас түлектер!