31 Мамыр Ашаршылық және саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу
Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.Тарих қойнауына көз жүгіртіп қарасақ, сонау Кеңес үкіметі құрылған 1917 жылдан бастап , 1928 жылғы ірі байлардың мүлкін тәркілеу, қызыл үкіметке бағынбағандарды жер аудару, ату, қуғындау, Қазақстанды басқарған Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Филипп Исаевич Голощекиннің билікке келуімен басталған 1929-1932 жылдардағы «Кіші Қазан», шаруаларды күштеп ұжымдастыру