25
ноябрь
2022
Мектебіміздің ең үздік окырманы Аханов Дінмұхаммедпен кездесу
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 4- сынып оқушылары мектебіміздің ең үздік окырманы Аханов Дінмұхаммедпен кездесу өткізді. Кітап оқу-білім мен дүниетанымды молайтудың негізгі жолы,сондықтан кез келген білім алушы әдеби кітап оқуды өздерінің үйреншікті дағдысына айналдырса,ертеңгі күні оның тигізер пайдасы зор болары сөзсіз. Сөздік қорды арттырып, сөз маржанын тере білген, өзге жандармен көркем тілде пікір алмасып, ой ұшқырлығын таныта білген ұрпақтың болашағы да жарқын болмақ. Міне, осындай мақсатта өткізілген кездесу барысында кішкентай оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиесілі жауаптар алды. Дінмұхаммед өзінің осы уақытқа дейінгі оқыған кітаптарының мазмұнын қысқаша түрде таныстырып, жағымды кейіпкерлерден қандай өнеге алуға болатындығын тілге тиек етті. Осындай тағылымды іс-шараның кішкентай оқырмандарға берері мол болды.
https://www.instagram.com/reel/Clf3VRdKuWj/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/Clf3VRdKuWj/?utm_source=ig_web_copy_link