Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырған алтын ұя мектебіміздің 30 жылдық мерей тойы қарсаңында мектебіміздің ардагер ұстаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Оның мақсаты: жас ұрпақтың бойына ұстазға деген құрмет көрсету, ұстаздық мамандыққа баулу, кәсіптік бағдар беру.