Күзгі демалыста «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалады
1 "Г" сынып оқушылар «Мақта қыз бен мысық» ертегісін көріп, достықтың, тәртіптің және бір-біріне қамқор болудың маңызын түсінді. Ертегіде Мақта қыз бен мысық арасындағы реніш пен кешірім арқылы оқушылар досқа ренжімеу, әдепті болу, кешірімділік, еңбектің қадірі сияқты құндылықтарды үйренді. Олар әр кейіпкердің іс-әрекетіне қарап, жақсы мен жаманды ажырата алды.