«Салауатты ұлт — жарқын болашақ» атты денсаулық сағаты өтті
Бүгін 9 "В" сынып оқушылары Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткізілген «Салауатты ұлт — жарқын болашақ» атты денсаулық сағатына қатысты. Бұл танымдық іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Іс-шараға «Семей медицина университеті» ҰАО филиалының екінші курс педиатр-резиденттері қонақ ретінде қатысты. Олар жасөспірімдерге физикалық және психоэмоциялық