03
март
2026
"Мұқағали жыры - жас ұстаздың рухани тірегі" атты жас мамандар байқауы өтті.
3 ақпанда «Мұқағали жыры - жас ұстаздың рухани тірегі» атты жас мамандар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай ақынның ұлы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау. Байқаудың міндеттері:
- Қатысушылардың шығармашылық және рухани белсенділігін арттыру;
- Қатысушыларға мәтінді құруда алған коммуникативтік, сөйлеу, әдеби құзыреттіліктерін көрсету мүмкіндігін беру;
- Жаңаша жеке тәжірибені алу үшін қатысушылардың қызығушылығын дамыту және мәтіндерді оқуға ынталандыру.
Байқау төрт кезеңнен тұрды. 1-кезең "Дариға жүрек", ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды, 2-кезең "Поэзия менімен егіз бе едің?" жас маман мен шәкірті Мұқағалидың жырын мәнерлеп оқыды, 3-кезең "Ән-жұмбақ" ақынның сөзіне жазылған әуендер жасырылды. 4-кезең "Аққу қанатындағы жыр", ақынның "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы бойынша ЖИ мүмкіндігін қолдана отырып, сюжеті талданды. Шығармашылық белсенділігін танытып, үздік нәтиже көрсеткен барлық қатысушылар жүлделі орынға ие болды.