Қанатты достарымызға қамқорлық – ізгілікке бастар жол!
Қанатты достарымызға қамқорлық – ізгілікке бастар жол! Мектеп оқушылары "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Қамқор" жобасы негізінде қанатты қонақтарымызға арналған құс ұяларына жем шашып, табиғатқа деген жанашырлықтарын көрсетті. Осындай игі іс арқылы оқушыларымыз табиғатты аялауды, құстарға қамқор болуды және мейірімділікті үйренуде. Әрбір шашылған дән – кішкентай ғана қамқорлық, ал оның артында үлкен жүрек пен ізгі ниет жатыр! Құстарға қамқор болайық, табиғатты аялайық!