21
декабрь
2022
Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлымен кездесу
Балалар және жасөспірімде кітапханасында жерлесіміз, жазушы, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының ШҚО филиалының төрағасы, Катонқарағай ауданының және Восточно-Казахстанская областьның Құрметті азаматы Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлының 75 жылдық мерейтойына орай «Айбыны Алтай таудың асқарындай» атты әдеби кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің 9В сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қаламгердің өмір жолымен, балалық шағы, студенттік өмірі, шығармашылық әлеміндегі алғашқы қадамымен танысып, туған ауылы Катонқарағай өңірінің тылсым табиғатын, бір күндік тыныс-тіршілігін сипаттайтын ерекше ақпараттарға қанық болды. Кеш кейіпкерінің болмысын ашу үшін шығармашылығының негізгі өзегіне айналған көркем туындыларынан жасалған кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Сондай-ақ, автор жайлы қызықты ақпараттар қызы Жанна Әлібекқызы мен апайы Хабиба Қалиқызының және қаламдас достары мен әріптестерінің естеліктерімен толықты. Кездесу барысында ақынның Топқайың ауылы жайлы жан толғатар өлеңі оқылып, ақын сөзіне жазылған «Жан жарыма» әні шырқалып, қатысушыларға ерекше көңіл-кдомсыйлады. 

