"Ана мен бала" орталығының акушер-гинеколог дәрігерімен кездесу өтті
Бүгін 5,6,7,8, 9, 10-сынып оқушы қыздарымен "Ана мен бала" орталығының акушер-гинеколог дәрігері Асиса Сағындықовна Темірханова кездесу өткізді. 📌 Кездесу тақырыптары: Ерте жүктіліктің алдын алу Жеке бас гигиенасы 🎯 Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге репродуктивті денсаулық, қауіпсіз мінез-құлық және ерте жүктіліктің алдын алу туралы маңызды әрі пайдалы ақпарат беру. 👩⚕️ Дәрігер оқушылармен ашық әрі сенімді түрде әңгімелесіп, толғандырған сұрақтарына жауап берді.