«Қара өлеңнің Хантәңірі» атты әдеби-сазды кеш
Мұқағалидай мұзарт шыңның шығармашылық мұрасына арналған «Қара өлеңнің Хантәңірі» атты әдеби-сазды кеш ақын күнделігінен көркем ойларды келістіре, жырларымен үйлестіре, әнімен әрлей отыра zoom платформасында өткізілді. Кеш көрермендері ақын өлеңдерінің желісі негізінде 9-11-сынып оқушылары қойған көріністерді тамашалады. Мәңгілікпен ұласқан ұлы ақын шығармалары оқушыларды туған жерін, елін сүюге, шынайы патриотизмге баулып, рухани сусындатып, әсемдікке баулитын күшке ие. Әдеби-сазды шара барысына Отан-Анасына адал ұлдың мәңгілік тағзымын жеткізуде оқушылар туған жерге арналған өлеңдерін, жүрек қылын тербер сезімге толы жырларын оқып, арнайы видео да әзірлеген. Көпшіліктің сүйікті әніне арналған ақын сөзіне жазылған әуендерді жасырып, тыңдармандармен ойын да ойналды. Көрермендер де ақын мұрасына арналған кеште өз белсенділіктерін танытты.
