13
декабрь
2022
"Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі" атты дөңгелек үстел
Патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу мақсатында 8-сыныптар арасында "Желтоқсан шежіресі - елімнің мәртебесі" атты дөңгелек үстел өтті. Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі. Дөңгелек үстелде Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкері Бақытжан Құмарбекұлы Желтоқсан оқиғасының тарихын бейнесюжет арқылы көрсетті, ал оқушылар білетін деректерін ортаға салды. Желтоқсан оқиғасына қатысушы боздақтардың өмірбаяндарын айтты.
