27
январь
2023
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
27- қаңтар күні Кеңес әскерлері Ауған жерінен шығарылғанына - 34 жыл толуына орай және мектебіміздің түлегі, ауған соғысы ардагері О. Друженьковтың туған күніне арналған «Ауғанның от жалыны» атты Ауған соғысы ардагерлері мен кездесу - ерлік сабағы өтті . Ерлік сабағы Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Фролов О.Г., Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің мүшесі Долгов А.В. қатысуымен ұйымдастырылды. Ерлік сабағының мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, жауынгерлер ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу ; батырлар туралы ойларын терендету, зерттеу еңбектерін сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету ;Ауған соғысы туралы оқушыларға мағұлмат беру, ардагерлер мен ашық әңгімелесу, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге , есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Кездесу барысында ардагерлер ауған соғысы, ондағы әскери қимылдары, жауынгерлердің ерліктері жайлы қызықты деректерімен бөлісті.
