
2023 жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 18.07.2023 жылғы №5-15-2/4267-И хатын негізге ала отырып, дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық және балалардың мектепке баруына әлеуметтік себептермен кедергі жасау кезеңінде көмек көрсету. Акция 1 тамыз -30 қыркүйек аралығын қамтиды. Балаларға портфельдер мен оқу құралдарын сыйлаймын деген жомарт жандарды ат салысуға шақырамыз.