Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликат) беру
Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын (дубликат) беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №172 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 мамырда №20566 болып тіркелді).
Білім туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар жоғалған немесе бүлінген құжаттардың орнына, сондай-ақ, өзінің тегін (атын, әкесінің атын (болған жағдайда) өзгерткендерге беріледі.
Құжаттың телслабовидящихн беру үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) құжатын жоғалтқан немесе бүлдірген білім алушының немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымы басшысының атына оның мән-жайы баяндалған жазбаша өтініші;
2) білім алушының туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі (паспорты) және (немесе) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
3) тегі (аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген және білім туралы құжат бүлінген жағдайда білім туралы құжаттың түпслабовидящих қоса беріледі.
Телнұсқа (дубликат) өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
Білім беру ұйымдары жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгінеді. Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телслабовидящихн алу үшін жеке тұлға көрсетілетін қызметті берушіге
- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
- Негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымның кеңсесі
- "Электронная правительствотің" www.egov.kz веб-порталы арқылы негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымы басшысының атына өтініш жолдай алады.
