05
февраль
2024
«Достық татулықтан басталады» тақырыбында тренинг
05.02.2024 күні «ДОСБОЛLIKE» Достық қолын ұсын акциясы аясында мектеп психологі Бауыржанова А.Б. 4«В» сынып оқушыларымен «Достық татулықтан басталады» тақырыбында тренинг жүргізді. Мақсаты: Оқушылардың арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу.Тренинг оқушылардың бір-біріне жылы қарым-қатынас танытып, тілек айтып, есімдерін еркелетіп, әндетіп айтудан басталды. Достық іздеймін ойынын ойнап, хабарландыру жасап, өз ойларымен бөлісті. Тренинг барысында оқушылар достық туралы жағдаяттар шешіп, өзара достықтарын білдіру мақсатында қол алысып, тілектерін білдірді. Тренинг соңында Достарыңа әрқашан адал, таза ақ ниетті болыңдар деген ұсыныс айтылды.
