05
сентябрь
2024
2023-2024 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тест қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицейі» КММ-нің түлектері 21 оқушы болса ,соның 13 оқушысы 100 балдан жоғары нәтиже көрсетті. Соның ішінде 2024 жылдың Ұлттық бірыңғай тестінде Амангелді Нұрбол Нұрланұлы биылғы 2024 жылдың Ұлттық бірыңғай тестінде 140-тан 133 балл жинап, мектебіміздің мерейін үстем етті. Бұл жетістік кездейсоқтық емес, керісінше, ұзақ уақыт бойы мұқият дайындалған еңбектері мен мен айқын мақсаттарының жемісі.
Оқушыларымыз мектептегі білікті ұстаздардың берген білімдерімен қоса, қосымша "JUZ40 ONLINE" және өз беттерімен ізденіп, әртүрлі курстарға қатысып, таңдау пәндерімен қатар, математикалық сауаттылық және тарих пәндерінен терең білім алып, жүйелі түрде дайындалды. Кәсіби ұстаздар оқушылардың мүмкіндіктерін барынша ашуға көмектесті, ал біздің мектеп бұл білімнің негізін қалаған орда ретінде оның табысына ықпал етті.
Мектебімізде әрбір оқушының білімге деген құштарлығын оятып, оларды өз мақсаттарына жетуге ынталандыратын ерекше орта қалыптасқан. Ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігі, әр оқушыға деген жеке көзқарасы және жаңашылдыққа ұмтылысы білім беру үрдісінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мектеп қабырғасында алған білім мен тәрбие, оқушымыздың осындай үлкен нәтижеге қол жеткізуіне себеп болды.
Бұл жетістік-мектебіміздің әлеуетін көрсететін маңызды көрсеткіш. ҰБТ-те жоғары балл жинаған түлектеріміздің табысы-мектеп пен оқушының тынымсыз еңбегінің, кәсіби дайындық пен сапалы білімнің нақты нәтижесі.
Осы жетістіктің арқасында 133 балл жинаған Амангелді Нұрбол Нұрланұлы өзі таңдаған Астана медициналық университетіндегі жалпы медициналық бөліміне грантқа түсіп, болашақтағы үлкен мақсаттарына бір қадам жақындады. Сыныптағы 21 оқушының 19 оқушысы грант иегері атанып, 2 оқушы өз еріктерімен шет елде (Туркияда) білім алуда. Біз оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін нығайтып, әрқайсысын өз армандарына жетуге шабыттандырамыз. Осындай жетістіктер алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенеміз, өйткені бізде әрбір шәкірттің мүмкіндігін толық ашуға жағдай жасалған.
Посмотреть онлайн файл: nrbol-43-m-l.pdf