14
июнь
2024
"Сәт сапар, саған жас түлек!" аттестат тапсыру салтанатты жиыны
2024 жылдың 14 маусымында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ мектеп түлектеріне арналған "Сәт сапар, саған жас түлек!" атты жалпы орта білім туралы аттестаттарды салтанатты тапсыру жиыны өтті. Салтанатты жиынға Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф.Смит, Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысы С.Б.Алагузова қатысты. Өскемен қаласының әкімі мектеп түлектерін құттықтап, 21 оқушыға, оның ішінде 5 "Алтын белгі" иегеріне төс белгі тағып, аттестаттарды салтанатты түрде табыстады. Мектеп түлектеріне Ақ жол,Сәт сапар тілейміз!




