09
декабрь
2022
Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағаты
9 желтоқсан күні 6 «В» сынып оқушылары Балалар және жасөспірімдер кітапханасына «Ғасырлар пернесі» рубрикасы аясында -атақты жырау Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағатына қатысты. Шара барысында оқушылар төрт топқа бөлініп, «Дулат Бабатайұлы» постерін толтырып, ақын шығармашылығына арналған сөзжұмбақ шешіп, автордың өмірі жайлы құрастырылған тест тапсырмаларын орындап, ақын портретінен пазл құрастырды. Әртүрлі танымдық тапсырмалар бойынша өзара сайысқа түскен топ оқушылары кітапхана қорындағы ақын кітаптарымен танысып, «Қара қарға», «Жас кезеңі», «О, Ақтан жас...», «Асқар таудың сәні жоқ» өлеңдерін оқып, мазмұндап берді. Сабақ соңында оқушылар ақын өнерін сипаттайтын тірек сөздерді пайдаланып, өздерінің сабақтан алған әсерімен бөлісті.




