"Жеке бас гигиенасы" тақырыбында дәрігер маманмен кездесу өтті
Бүгін 5,6,7-сынып қыздарымен "Жеке бас гигиенасы" тақырыбында дәрігер маманмен кездесу өтті 🌸✨ 👩⚕️ Дәрігер қыз балаларға жеке бас гигиенасының маңыздылығы, денсаулықты сақтау жолдары және жасөспірімдік кезеңдегі өзгерістер туралы кеңестер берді. 🔹 Кездесуде қыздар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби жауап алды. 🔹 Дәрігер салауатты өмір салтын ұстану мен дұрыс күтім жасау туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. 💖 Өз денсаулығымызға мұқият болайық!