31
январь
2023
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мен жастарға сенемін» атты қалалық сайыс жеңімпазы
2023 жылдың қаңтар айының 31 жұлдызында қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, ақын, педагог, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мен жастарға сенемін» атты қалалық сайыс болып өтті. Әдеби сағат барысында ақынның өмірбаяны, еңбек жолы, тағдыры, шығармашылығы жайында ақпарат берілді. Бұліс-шараның басты мақсаты- ақынның елге танымал өлеңдерін жатқа айта отырып, балаларға ұнаған кез келген шығармасын кітаптан оқу болды. Оқушыларға ақынның 7 кітабы ұсынылды. Кітаптарда том бойынша өлеңдері, дастандары, аудармалары, шығармалары, әңгімелері, мақалалары, ғылыми еңбектері жекелей қарастырылған. Ең кең таралған өлеңдері «Мен жастарға сенемін», «Түркістан», «Қазақ тілі» тағы да басқа өлеңдері жатқа айтылды. Балалармен әңгіме барысында «Батыр Баян» дастанын тілге тиек етті. Қазақ халқы үшін алғашқы болып педагогика еңбегін жазған ұлы тұлғамыз жайлы тебіренбей айту мүмкін емес. Ұлты үшін ұлы іске барған ұлы тұлғаларымыз ел есінде!
