22
сентябрь
2022
Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты I аймақтық байқауы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 22 қыркүйегінде жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығына арналған «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты I аймақтық байқауын өткізді.�Байқаудың басты мақсаты – жазушының өмірі мен шығармашылығы, әдебиет әлеміне қосқан рухани мол мұрасын зерттеу, ел арасынан әдебиетке бейім, дарынды жастарды айқындау, оларға қолдау көрсету, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру.�Байқау екі номинация бойынша өткізілді:�1. «Тарих тудырған талант» номинациясы - Қабдеш Жұмаділовтің, тарих, мәдениет, елінің азаттығына, туған жерге деген сағыныш пен махаббатты арнаған шығармашылығы жайлы эссе жазу.�2.«Қ. Жұмаділов – қазақтың көркем сөзіне, әсіресе тарихи жанрына елеулі үлес қосқан жазушы» жазушының ұлтжанды қаһарманды биік өреге көтерген шығармаларынан жатқа үзінді оқу номинациясы.� Байқау нәтижесінде 9 «а» сынып оқушысы Кеукенова Тоғжан Iорын және Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қордың директоры 70000 теңге сертификатымен марапатталды.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Нурсолтанова Г.С.�
