30
октябрь
2021
«Бір мектеп – бір кітап» республикалық онлайн акция–байқауы
Биылғы «Балалар әдебиеті жылы» аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің іс–шаралар тізіміне енгізілген «Әлемді кітап арқылы танимын» атты байқауы аясында ең көп оқитын оқырмандар арасында ұйымдастырылған «Бір мектеп – бір кітап» республикалық онлайн акция–байқауы өз мәресіне жетті. Акция байқауын ұйымдастырушы Түркістан облысының Мәдениет басқармасы және Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы Балалар кітапханасы. Сайыс «Zoom» платформасында өткізілді. Үш кезеңнен тұрған акция-байқауға 8 облыстан 34 оқушы қатысып, берілген талаптар бойынша сайысқа түсті. Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы атынан қатысқан Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің КММ «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп–лицейі» оқушылары өз білімдерін көрсетті. Акцияның ең басты мақсаты балаларды көркем сөзге және әдеби шығармашылыққа баулу, театрландырылған іс–шараларға тарту арқылы ең көп оқитын оқырмандарды анықтап оларға қолдау көрсету болды. Байқауға кітапхана қызметкерлерімен бірлесе атсалысқан Өскемен қаласы білім бөлімінің КММ «Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп–лицейі» оқушылары бас жүлдені жеңіп алып, «Smart ТВ» теледидар сыйлығын иеленді. Акция жеңімпаздарын жеңістерімен құттықтаймыз.
