ҰБТ, МАБ-ды ұйымдаструшылар мен педагогтарға ЖАДЫНАМА » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
ноябрь
2023

ҰБТ, МАБ-ды ұйымдаструшылар мен педагогтарға ЖАДЫНАМА

ҰБТ, МАБ-ды ұйымдаструшылар мен педагогтарға 

ЖАДЫНАМА

Аудиторияның жағдайы:

  • Аудитория таза және барлық жағдай жасалған гүлдермен көгелдендірілгені, әшекейленгені дұрыс.
  •  Өйткені жасыл түс адамның көзінің шамалы демалуына көмектеседі және адам психикасына тұтастай жақсы тыныштандырғыш ретінде әсер етеді. 
  • Оқушылардың парталары жарық түсірілген, жайлы жерде орналасқан және оқушының бойына сай болуы тиіс. 
  • Егер сыныпта сары-күлгін түспен боялған картина немесе эстамп ілінген болса, ол балалардың шығармашылық белсенділігіне жақсы әсер етеді.


ҰБТ,МАБ - ға қатысушылардың психоэмоционалдық ұстанымын қалай қалыптастыруға болады: 

  • Емтиханның психологиялық атмосферасы көбінесе ұйымдастырушыға байланысты болады.
  • Бейтаныс адамдармен кез-келген байланыстың басы, ең алдымен әр қатысушыға көңіл аудару, дауыстың жұмсақтығымен, мейірімді жүзбен жымия қарай күлуден басталады.
  • Ұйымдастырушының киімі оқушының көңілін аудармау үшін, ашық түсті болмауы керек.
  • Балада мазасыздық, қорқыныш сезімі басым болса, ол тапсырма орындау кезінде қателіктерді көп жіберу мүмкін, сондықтан мұғалім оқушылалдың өзіне деген сенімділігін арттыра білуі керек.
  • Оқушыларды мадақтап, жылы көзқараспен қарай отырып, олардың өздерін сергек ұстауларына көмектесу керек.
  • Баланың шаршауына байланысты жағдайдың төмендеуін уақытында байқауға тырысып, баланың өзіндік сезімін бақылап отыру қажет.
  • Балаларға тыныштандыратын демалу жаттығуларын жасатып отыру керек.


Оқушыларға сынақ кезінде төменде берілген нұсқаларға назар аударуына кеңес беріңіз:

  • Тапсырманың мағынасын түсіну үшін, тесті көз жүгіртіп қарап шығу керек.
  • Берілген сұрақты аяғына дейін, мағынасын түсіне отырып оқып шығу керек.
  • Егер берілген сұраққа жауап бере алмасаң немесе өзіңе сенімсіз болсаң, сол сұрақты белгілеп қой да келесісін шешуге тырыс.
  • Егер уақытында берілген сұрақтарға жауап беріп үлгермесең, өзінің ішкі сезіміңе сеніп, дұрыс деген жауапты белгіле.






ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕС



Сынақ кезінде төменде берілген нұсқаларға назар аударыңыз:

  • Тапсырманың мағынасын түсіну үшін, тесті көз жүгіртіп қарап шығу керек.
  • Берілген сұрақты аяғына дейін, мағынасын түсіне отырып оқып шығу керек.
  • Егер берілген сұраққа жауап бере алмасаң немесе өзіңе сенімсіз болсаң,сол сұрақты белгілеп қой да келесісін шешуге тырыс.
  • Егер уақытында берілген сұрақтарға жауап беріп үлгермесең, өзінің ішкі сезіміңе сеніп, дұрыс деген жауапты белгіле.

                                                                                                             

Сынаққа дейінгі және сынақ өту кезіндегі ережелермен танысып, есіңде сақта:

  • Киім киісіңіз бірқалыпта болуы керек.
  • Адамдардың көңілін аудармау үшін, өте ашық түсте киінбеу керек.
  • Сынақ кезінде өз-өзіңді ұстай білу маңызды.
  • Сынақ өтетін күні, сынаққа дейін артық жұмыс істеу қажет емес.
  • Егер сынаққа толығымен дайын емес болсаң, бір нәрсені жаттап оқуға тырыспа, керісінше демалып, көңіл көтергенің дұрыс.

Әуен ырғағымен билеңіз,өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнді айтыңыз.  Спорттық жаттығулар жасау. Душ қабылдау. Ыдыс жуу. Таза ауада демалу.

Ø  Өз бойыңыздағы кері әсерін тигізетін қасиеттердің барлығын газет бетіне ораңыз да алысырақ лақтырып тастаңыз.

  • Басқа бір газетті алып ұсақтап жыртыңызда, қоқысқа тастаңыз

Ø  Сынақ алдында жақсылап ұйқтап, тынығып алыңыз.

Ø  Сыныпқа кіргенде өз-өзіңе “Мен сабырлымын! Мен өте сабырлымын!”-деп бірнеше мәрте қайталап байсалдық таныта біл.

Ø  Ойларыңды жинақтап, көңіл күйіңді бір қалыпқа келтір.

Ø  Сыныпқа менде бәрі сәтті өтеді деген сеніммен кір.

Ø  Иығыңды тік ұстап, орнықты отыр.

Ø  Өзіңді бәрінен де жоғары, ақылды, қу санап, өзіңде барлығы сәтті өтетітіне сене біл.

Ø  Сөздеріңді нақтылап, өзіңді сабырлы болуға үйрет, яғни “Мен сабырлымын! Мен өте сабырлымын!” деген сөзді асықпай бірнеше рет қайтала.

Ø  Өз бойындағы ауыртпалықты түсіру үшін, тыныс алу жаттығуларын орында: орнықты отыр, мұрның арқылы терең тыныс алып демал (4-6 минут), деміңді ұста(2-3 секунд).

Ø  Берілген бланкты толтыруды, әріптерді, сандарды қалай орналастыруды түсіндіру кезінде мұқият тыңда.

Ø  Айналаңдағының барлығын ұмытуға тырыс. 

Ø  Өзіңді бланктағы тапсырмалармен, тестің уақытында орындалуына бағытта.

Ø  Тапсырманы аяғына дейін оқы.

Ø  Сұрақтарды қарап шығып өзің білетін жауаптарды белгілеуден баста.

Ø  Келесі жаңа тапсырмаға көшкенде, алдыңғы берілген жауаптарды ұмытуға тырыс.

Ø  Жауап беру кезінде сұрақтың нақты жауабы емес деген нұсқаларды сызып тастауға тырыс.

Ø  Егер жауаптың дұрыс екеніне сенімсіз болсаң, өз ішкі сезіміңе сене отырып белгіле.

Ø  Өз кетірген қателеріңді тексеріп шығу үшін, уақыт қалдыра біл.

Ø  Барлық тапсырманы орындауға тырысқанымен, оның шындыққа  жанаспайтындығын есіңде сақта.

Ø  Жақсы баға үшін тапсырманың 70%-не жауап берсең жеткілікті.

Ата-аналарға арналған кеңес:


  • Баланы жақсы жағына жетелей білу.
  • Баланың қателіктерін атап көрсетуден аулақ болу.
  • Баланың өз-өзіне деген сенімділігін қолдай білу керек.
  • Отбасында достық қарым-қатынасты, балаға деген махаббатты, сыйластықты орнықтыра білу.
  • Қатал да, мейірімді бола біліңіз, бірақ қатаң жазаламауға тырысыңыз.
  • Балаңызды қолдай отырып, сонымен бірге уайымдағаныңызды көрсете біліңіз.
  • Баланың емтиханда алған балының нәтижесіне уайымдамаңыз және балаға сыни көзқарас білдірмеңіз. Алған балдың нәтижесімен баланың мүмкіншілігі шектеліп қалмайды, сондықтан баланың өзіне деген сенімін жоғалтасыз.
  • Емтихан кезінде балаға мазасыздық сезімін туғызбаңыз-бұл сынақ нәтижесінде кері әсерін беруі мүмкін.
  • Балаға негізі ата-ананың толғанысы беріледі, егер үлкендер жауапкершілік жағдай кезінде өз эмоцияларын меңгере алмаған жағдайда, ол баланың көңіл-күйіне қатты әсер етеді.
  • Балаларды сергітіп оларды жақсы жұмыс істегені үшін мадақтай біліңіз.
  • Олардың өзіне деген сенімділігін арттыра біліңіз.
  • Баланың көңіл-күйін уақытында бақылап, байқап отырыңыз.
  • Балаға сынаққа дайындалу кезінде, көп ауыртпалықты түсірмей, бір сәтке демалу керек екендігін түсіндіріп, шамадан тыс жүктемені арқалауына жол бермеңіз.
  • Баланың дайындық режимін бақылап отырыңыз.
  • Баланың дайындалуына ешкім кедергі жасамайтындай ыңғайлы орны болуы керек.
  • Сынақ кезінде киім киісі бірқалыпта болуы керек.
  • Адамдардың көңілін аудармау үшін, өте ашық түсте киінбеу керек.
  • Сынақ өтетін күні, сынаққа дейін артық жұмыс істеу қажет емес.
  • Егер сынаққа толығымен дайын емес болса, бір нәрсені жаттап оқуға тырыспасын, керісінше демалып, көңіл көтергені дұрыс.
  • Баланың тамақтануына көңіл бөліңіз.















Баланың ақыл-ойының шаршауы кезінде оған әртүрлі қоректі тағамдары, витаминдерді беру керек. Бұл тағамдар:





Сәбіз – мидың жақсы жұмыс атқаруына және есте сақтау қабілетін жақсартады.

                                       Біздің кеңесіміз: берілген тапсырманы жадыда жақсы сақтау үшін, үккіштен

                                       өткізілген сәбізді күнбағыс майымен араластырып, күнделікті асқа қолданыңыз.




Ананас – театр және өнер жұлдыздарының ең сүйікті жемісі. Есінде үлкен көлемдегі

                          мәтінді немесе нота белгілерін сақтау керек болғанда,олар С дәруменіне толы осы жемісті 

қажет етеді. Ананастың майлылығы төмен деңгейде. (100 г-да 56 калл ғана).

                          Күніне 1 стакан ананас шырынын ішіп отырса жеткілікті.  




Авакадо – құрамындағы жоғары деңгейдегі майлы қышқылдардың көмегімен қысқа 

                                                         мерзімдік есте сақтауға көмегін тигізетін энергия көзі.Мысалы, жоспар,сабақ кестесін,сауда 

                                                         жасағанда тізім құруда және т.б. Жемістің жартысы да жеткілікті.



Лимон – ақпаратты қабылдауды жеңілдетіп, ойлау қабілетін жаңартып отырады.


Пияз – психикалық шаршау кезде,ақыл-ойдың төмендемеуіне көмектеседі.Қан айналымын,мидың жұмысын жақсартады. Ең аз дегенде,күнделікті пияздың жартысы да жеткілікті.


Қырыққабат – жүйке жүйесінің шаршауын төмендетеді. Емтихан алдында қырыққабаттан салат жасап жеу керек. Сонда,алаңсыз жақсы дайындаласыз.


Жаңғақ - Егер сізге “марафон” тәрізді кештер өткізу керек болса,немесе ұзақ жолға көлікжүргізсеңіз қажет болады. Мидың іс-әрекетін қалыптастырып, жүйек жүйесін қатайтады.


Тмин - өте жақсы ойлардың тууына көмектеседі. Құрамында эфир майлары барлық жүйке жүйесін қалпына келтіреді. Мидың қызметін, шығармашылық белсенділікті арттыру керек болса,тминнің шайын ішу қажет. 

1 кесе қайнаған суға ұсақталған дәндердің екі шай қасығын салыңыз.


Креветка – миды маңызды майлы қышқылдармен толтырып, әлсіздіктің болмауына әсерін тигізеді.Күніне 100 г жеткілікті.Бір ескеретін жағдай: асханалық тазартудан кейін тұздау қажет. (пысыру және қуыру).


Инжир – басыңызды жаңа ойлар үшін тазартады. Ондағы заттар химиялық құрамы бойынша аспиринге жақын,эфир майлары қан айналымын жақсартып,мидың оттегімен қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді.


Черника – студенттер үшін жақсы, таптырмайтын тағам. Мидың қан айналым жүйесін жақсартады.


  • Балаға сынаққа дайындалу кезінде тақырыптарды әр күнге бөліп алып дайындалуына көмектесіңіз.
  • Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық тапсырмаларды жаттап алу мүмкін емес, сондықтан басты ережелер мен түсініктерді беттерге жазып алып столдың, төсектің жанына іліп қойуына болады.
  • Пән бойынша тест тапсырмаларының әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз.
  • Тест тапсырмалары бойнша дайындық жүргізу кезінде балаларды уақытты пайдалана білу және бөле білуге үйрету. Бұл жаттығу баланың өзіне деген сенімділігін оятып, мазасыздық деңгейін жояды.
  • Сынақ алдында баланың демалуын қамтамасыз етіңіз. 

      Ол демалып ұйқысын қандыруы керек.











Похожие публикации:

06 февраль 2024 ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР
09 февраль 2024 Жадынама
25 май 2023 Ақпарат
05 сентябрь 2022 Оқушыларға кеңес