09
февраль
2024
Жадынама
Балаларға арналған жадынама
«Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет:
v Бейтаныс адамдармен сөйлеспежәне оларды үйге кіргізбе.
- Олармен бірге лифтігежәне кіреберіске кірме.
- Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
- Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қайбағытпен үйге қайтатыныңдыата-анаңа ескерт.
- Интернет желісінде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарламажазса дереу ата-анаңа айт.
Әрқашан «ЖОҚ»деп жауап бер:
v Егер сені тіпті көршілер болса да қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
v Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса; Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.
v Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
- Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
- Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақытқа шатастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысалы портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарай қаш.
- Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардыңкөңілінөзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!» деп қатты дауыстап айқайла.
- Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекенжайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.