ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts istanbul escorts
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы әкімдігінің
"Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 76-82-49
Есепші бөлімі:
+7(7232) 76-62-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2024

ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР

ӨМІРЛІК ЕРЕЖЕЛЕР

Шығыстың белгілі ойшылы Далай Лама жаңа мыңжылдықтың бастауында өмірдің 18 ережесін құрастырып шыққан екен. Сіз де біле жүріңіз:


1. Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.

2. Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.

3. Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз: а) Өзіңді сыйла; ә) Өзгені сыйла; с) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.

4. Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.

5. Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.

6. Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.

7. Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.

8. Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.

9. Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.

10. Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.

11. Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.

12. Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.

13. Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.

14. Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.

15. Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.

16. Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.

17. Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.

18. Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.


ӨЗІНДІК БАҒАНЫ ЖОҒАРЫЛАТУДЫҢ 12 ТӘСІЛІ

1. Өзіңізді – өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Сізден жоғары және төмен тұратын адамдар әрқашан бар. Егер салыстыруды әрі қарай жалғастырсаңыз бәрі сізге қарсылас тәрізді көрінеді және сіз оларды жеңе алмайсыз.

2. Өзіңізге ұрсуды тоқтатыңыз. Өз қабілетіңізді және өз әрекетіңізді жеткіліксіз, жағымсыз деп санасаңыз өзіндік бағаңыздың жоғарғы деңгейге көтерілуіне жете алмайсыз.

3. Барлық қолпаштау және құттықтауларды «ия» деп, алғыспен қабылдаңыз. «Ия», «ештеңе етпейді» деп өзіңізді төмендетпеңіз. Сондықтан өзіңізді бар жақсыға лайық деп санаңыз.

4. Өзіндік бағаны жоғарылатуда аффирмация қолданыңыз.  Мен өзімді жақсы көремін, ең жақсыға лайықтымын деп, ұйқыға жатар алдында қайталап отырыңыздар. Жағымды көңіл-күй орнатыңыз. Осылай әрекет ету арқылы өз сеніміңді, бағаңызды жоғарылатуға болады.

5. Өзіндік бағаны жоғарылатуға арналған семинарларға қатысыңыз, кітап, журнал оқыңыз. Кез- келген сіз жайлы мәлімет сізге әсер етеді, мәселен сіз жағымсыз бағдарламалар, газет- журналдардан криминалдық жағдайларды жиі оқысаңыз, ол сізді пессимист болуға итермелейді. Ал, жағымды жағдайларды жиі оқып, қарасаңыз өзіндік бағаңызды жоғарылатуға болады.

6. Өзіне сенімді, сізге қолдау көрсете білетін адамдармен араласуға тырысыңыз.  Егер сізді қоршаған адамдар сізді үнемі төмендетіп, басып отырса онда өзіндік бағаңыз төмен болады. Ал, егер керісінше болса, сіздің өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

7. Өзіңіздің өткен жетістіктеріңіздің тізімін жасаңыз, жеңістеріңізді жазуға болады. Мәселен, жүргізуші куәлігін алсаңыз, спортпен шұғылдана бастасаңыз және т.б. Тізімді жиі қарап, оқуға тырысыңыз. Жетістіктеріңізді оқығанда көзіңізді жұмып, қуаныш, қанағаттану сезімін сезініңіз.

8. Өзіңіздің жағымды жақтарыңыздың, қасиеттеріңіздің тізімін құрастырыңыз. Сіз адалсыз ба? Өзгелерге қажетсізбе? Өзіңіздің жағымды қасиеттеріңізді жазыңыз.  Алдыңғы тізім сияқты жиі қарап жүріңіз. Кейбір адамдао өз кемшіліктерін көп көріп, өз өмірлерін қызықсыз деп, өз  жүрсеңіз өзіндік бағаңыз жоғарылайды.

9. Өзгелерге көбірек көмек беруді бастаңыз. Бұл жерде ақша жайлы емес. Өзгелерге көмек көрсете біліңіз. Өзгелерге көмек көрсету өзіңіздің бағаңызды жоғарылатуға, индивидум болуыңызға септігін тигізеді.

10. Өзіңізге ұнайтын іспен айналысуға тырысыңыз. Өзіңіз қаламайтын іспен айналыссаңыз жағымды сезім сезіну қиынырақ. Егер де сіз өзіңізге ұнайтын іспен шұғылдансаңыз өзіндік бағаңыз бен жағдайыңыз жақсара түседі. Тіпті сізге өз ісіңіз ұнамасада, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізбен айналысуға жұмсап, өзіңізге қуаныш сыйлауыңызға болады.

11. Өзіңізге сенімді болыңыз. Өзіңіздің өміріңізді қалауыңызша сүруге тырыспасаңыз онда өзіңізді сыйламағандығыңыз. Сіз достарыңыз және туыстарыңызбен сөйлескенде сенімсіз сөйлесеңіз онда сіздің өзіндік бағаңыз төмен деген сөз. Сенімді сөйлеп, сенімді әрекет етіңіз.

12. Әрекет етіңіз. Егер өзіндік бағаңызды жоғарылатпасаңыз  өзіңізге сенімді болу қиындайды.

ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ


1.   Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.

2.   Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.

3.   Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.

4.   Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.

5.   Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.

6.   Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.

7.   Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.

8.   Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.

9.   Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.

10. Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.

11. Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.

12. Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.

13. Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.

14. Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.

15. Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін  түк емес.

16. Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.












АГРЕССИВТІ ӘРЕКЕТТІҢ АЛДЫН-АЛУ

Ашуланған кезде мынаны істеуге болады:

  • Қағазды жұмырлау және жырту.
  • Боксерлік алмұртты және жастықты ұру.
  • Аяқпен жерді ұру.
  • Ватман қағазынан жасалған «стақаншықты» бар дауыспен айғайлауға пайдалану.
  • Қағазға айтқыңыз келген сөздерді жазып, оны мыжып, лақтырып жіберіңіз.
  • Өзіңізге ереже ретінде алыңыз:
  • Әрекет етпес бұрын, өзіңе «тоқта» деп айт.
  • Әрекет етпес бұрын, терең демалып 10-ға дейін сана.
  • Ерекше төбелескіш балаларға. Әрекетке көшпес бұрын жұдырығыңды қатты түй де оны қайта босат. Осылай 10 рет істеуге болады.
  • Үлкендермен сыпайы сөйлес.
  • Заттарыңа ұқыпты қара.

Қорытынды сөз. Ашуға бой алдырмай, әрқашанда өзіңізді ұстай біліңіз. Жақсылық көрсең өзіңнен, жамандық көрсең өзіңнен дегендей, барлығы өзіңізге байланысты. Сондықтанда әрбір қиындықты әрқашанда жеңе білуге тырысыңыз


СТРЕССТІ ҚАЛАЙ ЖЕҢУГЕ БОЛАДЫ

Тоқтатыңыз!

Көптеген адамдар жоғарғы талапты өздеріне аударады. Аз уақыттың ішінде көптеген нәрсеге үлгерушілік – стресстің бірден бір себебі. Егер адам әрқашан берілген уақытта көптеген жұмыстарды істеуге асықса, дәрігерлер мұндай жағдайды асығыстың ауруы деп есептейді. Эмоционалды стресс – мұндай өмірдің бір бейнесі.

Өмірдің ағымын жеңілдету үшін, адамдарға жеңіл әдістердің бірі:

  • Бір уақытта бірнеше жұмысты емес, бір ғана жұмысты істеуге тырысыңыз (мысалға, тамақ ішіп отырғанда газет оқымаңыз, телефонмен сөйлесіп отырып құжаттар қарамаңыз)
  • Баяу сөйлеуге тырысыңыз
  • Қоршаған адамдармен мейірімді болыңыз, күліңіз, қанша кешігіп және асығып бара жатсаңыз да
  • Егер сіз машина жүргізіп келе жатсаңыз, жылдам жүргізуге тырыспаңыз
  • Кезек күткенде сабырлы болуға үйреніңіз
  • Іскерлік кездесуді жоспарлағанда, олардың арасында 15 минут үзіліс болсын, сіздің миыңыз және денеңіз демалуды қажет етеді
  • Сіздің күн режиміңізде демалатын уақытыңыз болу керек
  • «Раушан иіскеуге» уақыт табыңыз, яғни өмірдің кішігірім қуанышына бөленіңіз.