09
апрель
2022
Мұғалімдердің "Дебат" курсынан дәріс алуы
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов дебат қозғалыстарын жандандыру және мектептегі өзін-өзі басқару туралы пікір айтты. «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Ойынға қатысушылар кейін үгіт-насихат пен популистік идеяларды оңай ажыратып, өз ұстанымын көпшілікке нақты аргументтер арқылы жеткізе алады.
Мұндай тәжірибе жастарға күнделікті ақпарат ағынын сыни қабылдауға да көмектеседі. Балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады», - деді министр.
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің дебат клубы 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Дебат клубы 2018-2019 жылдары қалалық оқу бөлімі ұйымдастырған дебат ойындарының жеңімпазы. Бүгінгі күні мектептің «Ақиқат» дебат клубында 44 оқушы пікір-сайыс ойындарының қыр-сырын меңгеріп, өздерін шыңдауда. Дебат клубы әртүрлі тақырыптарға қатысты ойындар өткізеді. Үлкен сыныптың бұл ойында тәжірибесі бар оқушылары, клубқа жаңадан қосылып жатқан кіші сынып оқушыларына өз ойындары арқылы тәлім беруде. Оқушылардың бұл ойынға деген қызығушылықтары жоғары, және әр ойын сайын өз ойын толық жеткізіп, өздерін жұрт алдында еркін ұстай бастағандықтарын көруге болады. Пікірсайыстарда жетістіктерге жету үшін көзқарас, мықты мінез, өз ұстанымын дәлелді түрде қорғай білуге жетелейтін ұмтылыс маңызды. Ол үшін көп кітап оқып, танымдық бағдарламаларды қарап, қарым-қатынас орната білу, аргументация дағдыларын дамыту бойынша үнемі жұмыс істеу керек. Бұл ойын оқушыларды мықты тұлға ретінде тәрбилеуде өте маңызды орын алады.