06
октябрь
2022
Балалар және жасөспірімдер кітапханасына саяхат
6 қазан 2022 жылы Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейінің 3- сынып оқушылары Балалар және жасөспірімдер кітапханасына саяхат жасады. Кітапханада кішкентай оқырмандар жиһангез Титимен бірге көзге көрінбейтін ғажайып Мизам еліне саяхат жасады. Саяхат барысында бүлдіршіндер Мизам әлемінің тұрғындары Хип және Хоппен «Ормандағы ақ тиіндер», «Қиял әлемінде», т.б. қызықты ойындар ойнап, викториналық сұрақтарға тапқырлықпен жауап берді. «Ғажайып алаң» ойынына белсене қатысқан оқушылар жоғары білім деңгейлерін көрсетті. Жалқау Ранни мен күшті Ронн бұл мерекеден қалыс қалмай, балалармен бірге көңілді әуенге би биледі.Мерекелік шара соңында «LOVEвите_ лето2022» жаздық оқу бағдарламасы аясында үздік деп танылған оқырмандар кітапхана тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.


